Облыстың өртсөндірушілері ұлтаралық бірлік тақырыбында өткен семинарда бас қосты. Семинарға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов қатысты. “Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл біздің республикамыздың бірегей саяси жаңашылдығы. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жай ғана құрдас емес, тұрақтылықтың, жаңғыртудың және өркендеудің іргетасы болған екі ұлы құндылық. Сенімділік, дәстүр, толеранттылық – бұл біздің көпұлтты, өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің негізіне айналған нақты ұстаным”, – деді Наиль Салимов. Жиналғандар елдегі этносаралық бірлік пен ынтымақтастықты дәріптеу туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.