Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңға қол қойды.
Десек те, балаларға қастандық жасағандарға, ел ішінде бүлік шығарғандарға, екі немесе одан да көп адам өлтіргендерге бұл рақымшылық қарастырылмаған. Осы заңға сәйкес өңіріміздегі түзеу мекемелерінен 40 адам бостандыққа шықпақ. Алайда, олар пробация қызметінің бақылауында болады.
Пробация қызметiнде есепте тұрғандарға да рақымшылық жасалады. Бүгінгі таңда өңірдегі пробация қызметінде 1040 адам есепте тұр. Соның 534-іне рақымшылық жасау қарастырылған. 323-і жауапкершіліктен босатылса, 208 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін. Қазіргі таңда өңір прокурорлары рақымшылыққа іліккендердің құжаттарын жинастыруда. Тиісті құжаттар дайын болған кезде олар сотқа жолданатын болады.
(Өз тілшіміз).