Облыста “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. 4 күнге созылған шараға жергілікті полиция қызметінің 300-ден астам маманы жұмылдырылды. Облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Оразалиннің айтуынша, рейд қорытындысына сәйкес айыппұлын өтемеген үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, екеуі әкімшілік соттың шешімімен қамауға алынды. Тек қана “Жол жасауылы” арнайы автоматтандырылған жүйесінің көмегімен тұрғылықты мекенжайы бойынша төлемдерден жалтарып жүргендерден бір жарым миллион теңге өндіріп алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp