ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
Петропавлда Алғыс айту күніне орай 1-наурызда барлық зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. “Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенова бұл бастама мереке күні қарияларға қуаныш сыйлау, оларға алғыс білдіру мақсаттарын көздейтінін айтты.