Солтүстікқазақстандық велоспортшы Артем Захаров Гонконгте тректегі велосипед спортынан өткен әлем кубогында қола медальды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова хабарлады.
Трек жарысы көпкүндігінің “Скретч” жарысында өнер көрсеткен жерлесіміз екі мәрте әлем жеңімпазы Марк Кевендиш (Ұлыбритания), Олимпиада ойындарының жеңімпазы Лэйс Хансон (Дания) және әлем жеңімпазы Томас Будэ (Франция) сияқты атақты спринтерлерді шаң қаптырып, айқын жеңіске жетті.
Әлем кубогының үшінші қорытынды кезеңінде 172 ұпай жинаған Артем Захаров жалпы есепте үшінші орынға жайғасты. Спортшының жаттықтырушысы Сергей Кручинаның айтуынша, бұл жеңісі Артемді Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға бір табан жақындата түсті. Жерлесіміз ақпан айында Жапонияда өтетін Азия біріншілігінде, ал кейін әлем біріншілігінде сынға түсетін болады.
(Өз тілшіміз).