«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САМПО-АЗИЯ” – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Индустрияландыру картасы аясында біз биыл ауыл шаруашылығына қажетті техника жасауды қолға алдық. Жобаны іске асыру үшін 1,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Күзгі науқанға дейін 22 комбайнды құрастырып, саттық.

Жобаны іске асыру үшін финляндиялық “SAMPO Rosenlew Ltd” мен польшалық “PRONAR” компанияларымен іскерлік байланыс орнаттық. Комбайндар құрастырып, шығарумен қатар, зауыт шөп шабатын техника, тырнауыш, бункер, түрлі тіркемелер жасады. Аграрлы өңірімізде бұл техниканың қай-қайсысы болса да үлкен сұранысқа ие. Бағасы да қолжетімді. Жаткалы комбайн 57 миллион теңге тұрады. Тауардың басым бөлігі “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның лизингі арқылы сатылды. Олардың қосалқы бөлшектерінің көбі шетелдік компаниялардан алдырылғанымен, сапалы құрастырылуына біз жауаптымыз.

Қазіргі таңда егін алқаптарында жүрген комбайндарға ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері жақсы пікір білдіруде. Телефон соғып, біздің шығарған техникаларымыздың сапасы жоғары екенін айтуда. Халықтың жақсы пікірі бізге қанат бітіріп, жұмысымыздың одан әрі өрге басуына айрықша әсер етуде. “Сампо-Азияның” кемшін тұстары да болуы мүмкін. Өйткені, зауыт енді ғана ашылды. Бірақ аз уақыттың ішінде осындай дәрежеге көтерілуіміз – біз үшін мақтаныш. Әлі де атқаратын шаруа көп. Техниканы құрастыруда жетілдірілетін тұстар баршылық. Егін орағы науқаны аяқталған соң біздің комбайндарды сатып алған серіктестік басшыларымен кездесу ойда бар. Олардың пікірі біз үшін маңызды. Айтылатын сын-ескертпе, ұсыныстар болса, тыңдауға дайынбыз. Тағы бір айта кетерлігі, зауытта сервистік қызмет көрсету жолға қойылды.  

Сәбит ШӘКЕНОВ,

“ҚАЗТЕХМАШ” машина жасау зауыты”

ЖШС-нің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp