«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНДИ СҰЛТАНМЕН КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге танымал тележүргізуші Санди Сұлтан келіп, шеберлік сағаттарын өткізді.

Танымал тележүргізуші көрермендерімен «Новости», «7NEWS» и «Выход есть» сияқты бірқатар бағдарламалар арқылы таныса бастады. Еңбек жолы 2002 жылы «КТК» телеарнасында, және «РЕТРО-ФМ» радиосында бастаған журналистің студенттерге берері мол. Ол болашақ әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісіп, әрбір студенттің қойған сұрақтарына жауап берді.
2014 жылдан бастап Санди Сұлтан Нұр-сұлтандағы SS LAB телезертханасын басқарады. Онда ол шешендік өнер, тыныс алу, дауыс, дикция, бет-фитнес, орфоэпиялық сабақтар, сөйлеу техникасы және мәдениеті туралы сабақ өткізеді. Осының барлығын студенттерге қысқаша айтып берген ол өзінің теледидарлық тәжірибесімен бөлісті, кадрда жұмыс істеу туралы әңгімеледі және көпшілік алдында сәтті сөйлеудің құпияларын ашты.
Кездесу соңында студентер мен университет қызметкерлері Санди Сұлтанмен естелік суретке түсті.

http://www.nkzu.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp