Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Шөптікөл ауылдық округінің “Бірлік” фермерлік шаруашылығының егін алқабы 2350 гектарды құрайды. Орақ науқанын ойдағыдай аяқтап, мол өнім алуға барынша тырысудамыз. Бүгінде бидайдың орташа берекелігі гектарына 18 центнерден айналуда.
Биыл жаңадан сатып алған техниканың көмегімен жұмысымызда ілгерілеушілік барын байқадық. Әсіресе, облыс орталығында құрастырылған “Сампо-Азия” комбайнының сапасы көңілден шықты. Жоғары өнімділікке ие техникаға көп жанар-жағармай кетпейді. Басқару тетігі де қарапайым. Комбайнның дән құйылатын 8 текше метрлік қорабы бар. Заманауи үлгідегі басқару кабинасы да жайлы. 25 пайызға дейін ылғалдылығы бар астықты бастыра алады. “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның қаржыландыруымен “Сампо-Азияға” қол жеткізгеніме қуаныштымын. Сатып алған техникамыз үмітімізді ақтайды деп ойлаймыз.
Батырбек ӘЖІБАЕВ,
“Бірлік” фермерлік шаруашылығының басшысы.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.