«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМЕЙДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Семей қаласында Кеңес Одағының бокстан спорт шебері Мұрат Бекежанов пен кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асылхан Бусурмановты еске алуға арналған ел біріншілігі өтті. Дүбірлі сайысқа 2005-2006 жылдары туған 340-қа жуық бозбала мен бойжеткен  қатысты.

Жарыста өңір намысын қорғаған кикбоксшыларымыз 1 алтын және 3 қола медаль еншіледі. 48 килограмм салмақ дәрежесінде Таласпай Қасымов фул-контакт ережесі бойынша сайысқа түсіп, чемпион атанды. Ал лоу-кик ережесіне сәйкес өнер көрсеткен Ақрамжан Оразаев (71 кг.) пен фул-конакт бойынша сыналған Ерсұлтан Қалиахметов (81 кг.) қола медаль иеленді. Ал қыздар арасындағы бәсекеде +60 килограмм салмақ дәрежесінде фул-конакт ережесі бойынша сынға түскен Меруерт Білден үздік үштікті түйіндеді.

Аманжол НҰРТАЗИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp