«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 29, 2021

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ОҚУ ОРДАСЫ

Петерфельд ауылындағы Қызылжар-Абай орта мектебінде 230 оқушы білім алады. Оқу ордасының ерекшелігі сол, оқыту мен тәрбие беру жүйесі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының педагогикалық идеялары мен принциптері негізінде жүргізіледі.

Жұмыс берушінің талабы ескеріледі

Сапалы маман даярлау кол­ледж қызметін бағалаудың басты өл­шемі болып табылады. Еңбек на­рығындағы қазіргі жағдай жұмыс бе­рушінің болашақ маманға қоятын жоғары талаптарымен сипаттала­ды. Өз ісін жетік білетін білікті ма­ман ғана еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке төтеп бере алады. 

Дем де, ем де алдық

Бурабайдың төсінде отау тіккен “Discovery Borovoe” орталығы – ерекше демалыс орындарының бірі. Заманауи кешен шетелдік туристер арасында да кеңінен танымал. Табиғаттың шипасынан бөлек, медициналық қызметтің де түр-түрі ұсынылады. Жақында ауданның бір топ мұғалімі кәсіподақ жолдамасымен демалып қайттық. Алғашқы күннен шипажай ұжымының қызметіне дән риза болдық.

Кітап — рухани қазына

Елімізде “Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021” жалпыұлт­тық акциясы өтіп жатыр. Бұл бастаманы балалар мен жасөс­пірімдердің кітап оқуын қолдау мақсатында Қазақстан Рес­публикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асы­руда. Өңірдегі кішкентай оқырмандардың көркем әдебиетке қы­зығушылығын оятып, кітап оқу мәдениетін қалыптас­тыруға бағытталған шаралар Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөсірімдер кітапханасында да қолға алынды.

Кемтарлық кедергі емес

Ерекше білім беру қажеттілігі – өрке­ниет­­ті елдерде ежелден кеңінен таралып, әбден қалыптасқан түсінік. Яғни, инклю­зивті білім берудің принциптеріне сәйкес әр оқушының білім алуы, оған барлық жағ­дай­лардың жасалуы қатаң қадағаланып оты­рылады. Психологиялық-педагогикалық әдіс­тер арқылы жүзеге асырылатын білім беру үдерісі жүйесінде балалардың тең дә­режеде және еш кедергісіз оқуы – басты шарт. Қазақстанның қолданыстағы заңна­ма­­ла­­рында бала­лар­­­ды қорғау мәсе­лесі …

Кемтарлық кедергі емес Read More »

Басқармаға бағынады

Биылдан бастап білім беру саласын бас­қару жүйесі өзгереді. Аудандық және қалалық білім бөлімдерін қаржыландыру және бас­қару құзыреті облыстық білім басқармалары­на беріледі, талап мектептер мен балабақ­ша­ларға қатысты. Бұл жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам болып табылады. Мектептер мен балабақшалар облыста бір орталықтан ғана басқарылса, қаржыланды­руды теңестіру және арттыру мәселелері ке­шенді түрде шешілетін болады.

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

“Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы” демекші, баланың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуы ата-анамен қатар ұстазға да байланысты. Шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, ізгілікке тәрбиелеуде Әсем-Жұлдыз Баймұқанова сияқты мұғалімдердің еңбегі көпке үлгі. Шал ақын ауданы Ысқақ Ыбыраев атындағы ауыл мектебін үздік тамамдап, ұстаз болуды алдына мақсат еткен ол – Петропавлдағы педагогикалық институтта білім алды. Қалың қазақ ортасынан …

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ Read More »

Ұлттық тәрбие қайнары

Атаның өсиетін көкейіне тоқып, ананың асыл қа­сиет­терін бойына сіңіріп өскен ұр­пақ өмірден өз орнын табары заңды. Ондай көргенді бала ешқашан қор болмайды. Сол үшін тал бесіктен бастап ұлт­тық тәрбиеге бейімдеу әр ата-ананың өмірлік парызы деп ой­лаймын. Бала әке-шешенің жү­ріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне, күнделікті іс-әрекетіне қарап ой да, бой да түзейді.

ОНЛАЙН ОЛИМПИАДА

«Zoom» платформасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша XIII республикалық пәндік олимпиада өтті. Еліміздің жоғары оқу орындарынан 14 команда бақ сынағансайысқаМанаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Талантты жастар» командасы қатысты.

Чернобыль жарасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Чернобльді еске алу” көрмесі ашылды.  Оған қатысушылар зұлмат жарылыстың салдарын жоюға қатысқан солтүстікқазақстандықтардың ерлігімен музейде сақталған жәдігерлерарқылы  танысты.

СЕМЕЙДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Семей қаласында Кеңес Одағының бокстан спорт шебері Мұрат Бекежанов пен кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асылхан Бусурмановты еске алуға арналған ел біріншілігі өтті. Дүбірлі сайысқа 2005-2006 жылдары туған 340-қа жуық бозбала мен бойжеткен  қатысты.

Петропавлда қосымша екпе пунктері ашылды

Петропавлда коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін қосымша екпе пунктері жұмыс істей бастады. Олар адам көп шоғырланған сауда орындарында, спорт сарайы мен кітапханада жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қой шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама жүзеге аспақ

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасының бастамасымен, «Shopan-ata» қой өсірушілердің ұлттық қауымдастығының қолдауымен қой шаруашылығын дамытуға арналған аумақтық бағдарлама жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.