
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театры гастрольдік сапармен Семейде болды. Шығыстың өнерсүйер қауымы Абай атындағы театрда солтүстікқазақстандық өнерпаздардың Семей полигонының қасіреті жайлы қойған «Жан дауысы» (ақын Бауыржан Жақыптың поэмасы желісі бойынша сахналанған) атты спектаклін тамашалады.
Адамзатты орны толмас қасіретке душар еткен Семей ядролық полигоны жабылса да, оның зардабын жергілікті тұрғындар бүгінге дейін көріп отыр. Оның өмірдегі шынайы көрінісі бейнеленген пьесаны семейліктер жылы қабылдады.