Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов бастаған 1200-ден астам тәртіп сақшысы мен ведомство ардагерлер кеңесінің отызға жуық мүшесі қайырымдылық сенбілігіне қатысты.
Олар бірнеше сағаттың ішінде облыстық полиция департаменті корпустарының, Петропавл қалалық полиция басқармасының, бірінші және екінші полиция бөлімдерінің аумағын жинап, жиектастарды әктеп, өткен жылдан түскен жапырақтарды тазалады.