«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРГЕЕВ СУ ҚОЙМАСЫ ТОЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев және Шал ақын аудандарына барып, тасқынға дайындық жұмысын көрді. Іссапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды, агроқұрылымдарды аралады.

Өңір басшысы Наурызнама онкүндігі аясында «Жаңару күні» мерекесін Степное ауылының тұрғындарымен бірге атап өтті. Ғауез Торсанұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға бақыт пен ырыс тіледі.

Биыл – Жеңістің 80 жылдығы. Осыған орай тыл ардагері Екатерина Чмеруктың шаңырағына барды. Соғыс басталғанда 7 жастағы ойын баласы қатарластарымен бірге егіс алқабында еңбек еткен. Биыл ардагер 90 жасқа толып отыр. Облыс әкімі тыл ардагерін мерейтойымен құттықтап, жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірді.

Сапар барысында өңір басшысы аудандағы агротехникалық колледжге барды. Қазіргі таңда колледжде 139 студент мемлекеттік тапсырыс аясында механизатор, аспаз және дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Алдағы уақытта студенттер санын көбейту және нан-тоқаш пісіруші мамандығын ашу жоспарланып отыр. Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындармен кездесіп, ауданның даму қорытындысы мен жоспарын талқылады.

Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабына соғып, тасқын жағдайы туралы басшылардың баяндамаларын тыңдады. Сергеев су қоймасында судың асып төгілуі 35 см-ге жеткен. Былтыр рекордтық деңгей 425 см болған еді.

«Жалпы өңірдегі жағдай тұрақты. Қардың қарқынды еруіне байланысты облыстық және аудандық жолдарды су басты, бірақ көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – деді Ғауез Торсанұлы.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp