«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕСКЕНБЕГЕН КҮЗЕТШІ

Саумалкөл ауылындағы “Шон” дәмханасында күзетші болып істейтін Александр Отт түн жамылып келіп қоғамдық тамақтандыру орнын тонамақ болған ұрыларды құрықтады.

Кезекшілікте жүрген Александр дәмхана ғимаратына екі қарақшының түскенін байқап қалады. Ол бірден аудандық ішкі істер бөліміне қоңырау шалып, ғимаратқа ұрылар түскенін хабарлайды да, өзі көп ойланбастан, дәмхана қоймасынан музыкалық аппарат пен дыбыс зорайтқышты алып шыққан “түнгі қонақтардың” ізіне түседі. Соңдарына түскен күзетшіні байқаған ұрылар алған заттарын тастай салып, қаша жөнеледі. Өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын Александр ішкі істер органы қызметкерлері келгенше ұрыларды қуып жетіп, құрықтап үлгереді.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында ұрылардың алыстан келмегені, бірінің – Саумалкөлде, екіншісінің көршілес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратыны анықталды. Олардың бұған дейін Саумалкөл ауылындағы гараждарды тонағаны да белгілі болды.

Александр аудандық ішкі істер бөлімі бастығының Алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Суретті түсірген автор.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp