«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сицилияда топ жарды

“Astana Qazaqstan Team” командасы “Джиро ди Сицилия” турына қатысты. Италияда өткен жарыстың соңғы және ең қиын таулы кезеңінде жерлесіміз Алексей Луценко жеңімпаз атанды.

Елордалық велоклубтың көш­бас­шы­сы жарыстың соңғы күнінде мәре сы­зығын бірінші болып кесіп өтіп, жал­пы есепте де жеңіс тұ­ғырына көтерілді.

– Мен соңғы кезең жалпы есеп­те­гі орын үшін шешуші сәт бо­латынын түсіндім. Сондықтан өзімді осы жарыс күніне дайын­да­дым. Бұрылыстар көп болғандық­тан финал өте қиынға соқ­ты. Барымызды салдық, – дейді Алек­сей Луценко.

“Astana Qazaqstan Team” ве­лошабандозы мәреге басты қарсы­ласынан 40 секунд ерте жетті.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp