«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СКРИНИНГТЕН ӨТТІҢІЗ БЕ?

Скрининг – бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, сөйтіп, емдеу тиімділігін арттыру және асқынудың алдын алу.

Скринингке мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Ол тегін медициналық көмек болғаннан кейін, оның аясында атқарылатын қызметтердің бәрі алдын ала жоспарланады. Мысалы, әр дәрігер өзі жауап беретін учаскеде тұратын адамдарды, яғни белгілі бір топтарды жастарына қарай жұмыс жоспарына енгізеді. Айталық, қан айналымы бойынша скринингтен өтуі, тоқ ішек дертінің алдын алу үшін тексерілуі тиіс адамдар, одан әрі асқазан, сүт безі, жуан және тік ішек және тағы басқа аурулар бойынша адамдар іріктеліп, скринингтің түрлеріне және жас шамасына қарай топтастырылады.

Бауыр қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау үшін вирусты гепатит В және С жылына екі рет ультрадыбыстық зерттеу және альфа-фетопротеинге тексеру жүргізу керек. Бұл зерттеулер арқылы жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар, инсульт, инфаркт, бауыр циррозы мен обыры, тоқ ішек, сүт безі мен жатыр мойны обыры сияқты аурулардың алғашқы белгілерін ерте анықтап, қатты асқынуына жол бермеуге болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №361 бұйрығына сәйкес елімізде скринингтен өту осыдан екі жыл бұрын басталды. “Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде” дегендей, жыл сайын өзіңіз тіркелген емханадан профилактикалық медициналық тексеруден (скрининг) өтіңіз. Әр адамның денсаулығы өз қолында екенін ұмытпағайсыз!

Ирина АРТЮЩИК,

саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp