«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОДЫРЛЫҚТЫҢ СОҢЫ — ӨКІНІШ

Петропавл қалалық сотында баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты алғашқы отырыс өтті.

Айыпталушылар – Д. Қайбаров, Б. Мақатов, Ж. Әскеров, А. Меңдібаев, О. Еламан. Бесеуі де – облыс тұрғындары. Екеуі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, біреуі – Петропавл өнер колледжінің студенттері. Қалған екеуінің біріншісі “Plazma” түнгі клубының қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген, соңғысы – жұмыссыз.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Дмитрий Баранов аталған азаматтардың өткен жылдың үшінші қазанында түнгі сағат үштің шамасында еш себепсіз И. Нанаевты, А. Македоновты, А. Антроповты соққыға жыққандығын айтты.

– Бес азаматтың дөрекілігінен жәбірленуші Игорь Нанаев есінен танып, “жабық ми жарақаты” диагнозымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ол 10 қазан күні есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама жәбірленуші А. Антроповтың жеңіл жарақаттанғанын, ал А. Македоновтың денесінен соққы іздері жоқ екенін көрсетті, – деді Дмитрий Баранов.

Қылмыстық іс бойынша 15 куәгер жауап беруде. Келесі отырыс 18 қаңтарға белгіленді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp