«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОРҒЫ СТАНСАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

 Облыс орталығында жұмыс істеп тұрған бірінші көтергіш сорғы стансасы 1974 жылы пайдалануға берілген болатын. Былтырғы су тасқыны кезінде қуат беретін электр желісінің бағандары құлап, аталмыш нысан қатты зақымданған. Салдарынан баламалы резервтік станса арқылы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге тура келген. Үкімет тарапынан қалпына келтіру туралы шешім қабылданып, осыған орай жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, «RAZ Mineral Demeu» корпоративтік қорының демеушілігімен 2,9 млрд. теңге бөлінді. Осылайша маңызды инфрақұрылымдық жоба шеңберінде бірінші сорғы стансасы қайта жаңғыртылып, бағдарлама сәтті жүзеге асырылды. Жөндеу жұмыстарына 70-ке жуық адам жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстармен, атап айтқанда, қайта құрудың негізгі нәтижелерімен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Нысанға су астында да тоқ­таусыз жұмыс істей алатын за­манауи еуропалық сорғы жаб­дықтары орнатылды. Дизель генераторы ғимараттың жоға­ры бөлігінде су басудан қор­ғайтын деңгейде орналасты­рылды. Басқару пульті де қауіпсіз биіктікке қойылып, қашықтан басқару режімінде жұмыс істейді. Биіктігі 4,7 метрге дейін жететін темірбе­тонмен күшейтілген габион бөгеті салынды. Тұрақты электрмен қамтамасыз ету мақсатында төрт әуе желісі қалпына келтірілді, сондай-ақ жер астымен екі резервтік ка­бель тартылды.

Ғауез Торсанұлы жаңартыл­ған нысанның су тасқыны қа­теріне төзімділігі жақсарып, қа­лалықтарды тұрақты ауызсумен қамтамасыз ететінін атап өтті. Бірінші көтергіш сорғы станса­сы қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған негізгі ауызсу көзі болып қала бермек. Сумен қамту жүйесінің тұрақ­тылығын арттыру үшін Ойқала шағынауданында қосымша сорғы стансасын салу жоспарланып отыр. Бұл жоба барлық су инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, төніп тұрған қауіптерден құтылуға да мүмкіндік береді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp