Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тараптары заңды тұлға және жеке кәсіпкер болып табылатын, сондай-ақ, электр және жылу қуатын тұтыну үшін тарифтерді көтеруге қатысты дауларды қарайды.
Үстіміздегі жылы экономикалық сот “СевКазЭнергосбыт”, “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің облыстық департаментіне жасаған 2015 жылғы 24 қарашадағы тарифтік смета шығындары мен көлемін бекіту туралы бұйрығын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жылу қуатын беру және тарату бойынша тарифтік смета мен тарифтің шекті деңгейін бекіту туралы бұйрығын заңсыз және заңды күші жойылған деп тану туралы өтінімі бойынша азаматтық істі қарады.
Монополистер энергия ресурстары үшін ақы төлеу тәртібі туралы ережені бекіте алмайды. Мұндай құқық уәкілетті орган ретінде республика Үкіметіне ғана берілген. Уәкілетті орган шығарған бұйрықтар жылу қуатына төлеу бойынша енгізілген тарифтерді 2020 жылға дейін сақтауды көздейді. Ал тарифтердің қандай да бір өзгерісі Петропавл қаласының барлық тұрғындарының коммуналдық қызметтерді төлеуіне әсер ететіні айтпаса да түсінікті.
Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңына сәйкес уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер немесе олардың шектi деңгейлері көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмау және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
“Петропавл жылу желілері”, “СевКазЭнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы табиғи монополия субъектілері болғандықтан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген. Уәкілетті орган белгілеген тарифтің шекті деңгейімен келіспейтіндігін білдіріп, шешімге қарсы сотқа шағымданған олардың қызметтерін мемлекеттік реттеу тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін бекіту, соның ішінде салыстырмалы талдау әдісін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаны, алым мөлшерлемесін) қолдана отырып, шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімге негіздеме материалдар ретінде нақты ресімдерді сақтай отыра өтінім беру алдындағы төрт тоқсан және оның алдыңғы күнтізбелік жыл үшін шығындар туралы нақты деректер қоса ұсынылуы тиіс.
Табиғи монополия субъектілері ұсынған өтінім материалдарын қараған сот тарифтерді көтеруге негіз болатындай құжаттардың жоқ екендігіне көз жеткізді. Себебі, Ұлттық банк болжамына сүйенсек, инфляцияның белгілі бір деңгейі бекітілмеген, керісінше, оның төмендеуі жоспарланған. Ал “СевКазЭнерго” АҚ өзінің есебінде еш негізсіз инфляцияның ең жоғары деңгейін алған.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің облыстық департаменті қоршаған ортаны ластаудан бюджетке түсетін төлемді қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсат есебінен жүзеге асырған. Сондықтан тарифтің шығын бөлігінде орта мерзімнің әрбір жылына жасалған қолданыстағы тарифтік сметада көзделген шығын сомасы мөлшерінде шығыстар ескерілген.
Уәкілетті орган тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту кезінде тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын пайданы шектеуге құқылы. Осы орайда сот табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің облыстық департаментінің “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы уәкілетті органға стратегиялық тауарлар құнының, оның ішінде көмірді бекетке дейін тасымалдау кезінде төтенше реттеуші шарасы ретінде тарифтің шекті деңгейін бекіту үшін өтініммен жүгінуге құқылы деген дәлелдеріне назар аударды.
Заңға сәйкес төтенше реттеуші шаралар – табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында стратегиялық тауарлар құнының қымбаттауы және төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті орган қабылдайтын шаралар болып табылады.
Сот тараптардың уәждерін тыңдай келе “Петропавл жылу желілері”, “СевКазЭнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының өтінішін қанағаттандырмады.
Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттің тариф саясатының негізгі бағыттары ақпараттандыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, әрекет ету шараларын қабылдау және бақылау болып табылады. Әр тұтынушының сапалы қызметтермен қамтамасыз етілу құқығы мен кепілділігі заңнамалық актілермен қорғалған. Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін оның құқығын бұзған монополиске сотқа дейінгі жазбаша хатымен, уәкілетті мемлекеттік органдарға және сотқа кәсіпорындардың заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады.
Ермек БІЛӘЛОВ,
облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.