«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҒЫС ЗАРДАБЫНА БОЙЛАТТЫ

Адамзат жүрегіне жазылмастай жара салған Екінші дүниежүзілік соғыстың тағылымы тарих бетінде жазылып қалғанына 70 жыл өтсе де, оның ақтаңдақтары әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Соның бірі Кар теңізінде 1944 жылы орын алған оқиға. Осының ақ-қарасын ашуды мақсат тұтқан Ресей Федерациясындағы еріктілер 2008 жылы арнайы топ құрып, зерттеуге кіріскен болатын. Экспедиция мүшелері кеше Петропавлдағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде болды.

Аталмыш экспедицияның мүшесі Дмитрий Голиков:

– Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы асқан ерлігімен көзге түсті. Бүгінде Қазақстан мен Ресей елдері арасында мызғымас достық қалыптасқан. Бұл шараны екі мемлекеттің де тарихында қара таңбамен жазылып қалған зұлматты ардагерлер есіне алып, жас буын өкілдері сезінсін деген мақсатпен өткізіп отырмыз, – дей келе, көрмеге қойылған туындылардың тарихына тоқталып, көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Оның айтуынша, еріктілердің жұмысы нәтижесіз болмаған. Үстіміздегі жылы олар фашист басшыншыларына қарсы шайқастарда Кар теңізіне батып кеткен кемені, қару-жарақтарды, жауынгерлердің киім-кешектерін тауыпты. Табылған заттардың барлығы зерттеу орталықтарына жіберіліпті.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp