«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҢҒЫ ҚЫЗЫҒЫ БОЛДЫ

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен 17 жасар Владислав Виниченконың өлі денесі көлден табылды.

Жамбыл ауданындағы Чапаевка ауылынан жоғалып кеткен 17 жасар жасөспірімді іздеушілер оның мәйітін Буденное және Чапаевка ауылдары арасындағы көлден тапты. Жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылықтың белгісі байқалмаған. Алайда, мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді, оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады, – дейді осы қайғылы жайға қатысты зерт жүргізушілер.

Жедел деректерден белгілі болғаны: 27 мамырда Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміне Чапаевка ауылының тұрғынынан 17 жастағы ұлының жоғалғаны туралы хабар түседі. Алғашқы зерт деректері бойынша, 25 мамырда жасөспірім сыныптастарымен бірге Буденное ауылы маңындағы тоғайда мектеп бітіргендерін атап өтіпті. Одан кейін Владислав Буденноедегі танысының үйіне қонбақ болыпты. Бірақ та оны үйінен таппаса керек. Сағат 23.00-тің кезінде ол ұялы телефонмен туыстарына үйге оралатынын хабарлаған. Одан кейін оны ешкім көрмепті.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp