Бүгін Петропавлдағы Спорт сарайында жеңіл атлетикадан мүгедектер арасында «Спешиал Олимпикс» республикалық турнирі басталды.
Оған еліміздің 7 өңірінің командалары қатысуда. Спорт саласындағы республикалық қайырымдылық ұйымы – «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы жарысты бірінші рет Қызылжар өңірінде өткізуде.Солтүстік Қазақстан облысында бұл жүйеге 2 мыңнан астам мектеп оқушысы тартылған.