«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТИПЕНДИЯ БӨЛІНЕДІ

“Болашақ” халықаралық стипендиясының аясында биыл магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсуге 555 стипендия бөлінбек. Стипендия тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау 18 ақпан мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Ал конкурстың өзі наурыз – қараша айларында өтпек. Қазіргі уақытта конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ұйымдардың тізімінің және бағдарлама аясында оқуға арналған мамандықтар тізбесінің жобалары талқылануда.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp