«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖОЛ АҚЫСЫ – 20 ТЕҢГЕ

Енді Петропавл қаласының студенттері үшін кейбір қоғамдық көліктегі жол ақысы 20 теңге болады.

Жастар бұл жеңілдікті өздерінің ұялы телефондарына «Мой Beeline” мобильді қосымшасын жүктеп, жол ақысын SMS және QR-код арқылы төлеген кезде ғана пайдалана алады. Жаңа тарифтік жоспар «Зачетный» деп аталады. Ол тек қана жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Петропавл қаласының студенттері №2, 4А, 4Т және 14 автобустарда жолдың ақысын осы бағамен төлей алады.
Жаңа оқу жылы кезінде Beeline Қазақстан ұялы телефон операторы студенттік тарифтік жоспарды жаңартудың қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық көлікте он рет тегін жол жүрудің орнына аталмыш игі бастаманы жүзеге асыруды қолға алды.
Бүгінгі таңда мұндай мүмкіндікті жерлестерімізден басқа, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының студенттері пайдалана алады. Алдағы уақытта жастарға мұндай жеңілдіктің түрі қарастырылған қалалардың саны екі есе көбейеді деп жоспарланып отыр. 

Сурет pkzsk.info сайтынан алынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp