«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТШІ ӘРІ БИШІ

Жақында Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жерлесіміз, суретші Станислав Алерттің жеке көрмесі өтті. Талантты жігіт шаһар тұрғындарына өзінің 30-дан астам туындысын ұсынды.

Ол – Петропавлдағы Бәйкен Әшімов атындағы темір жол көлігі колледжінің түлегі. Станислав бі­лім ошағында машинистің көмек­шісі мамандығы бойынша оқыса да, болашағын суретшілікпен бай­ланыстыруды жөн көрді. Ол суретшілік­пен қатар би билеумен де шұ­ғылданады. Осыдан бес жыл бұ­рын қалада “PETRO-POWER” би мектебін ашқан ол былтыр Ре­сейде өткен “Танцы на ТНТ” бел­гілі тележобасына қатысып, көрер­меннің ықыласына бөленді. Та­лапты жас сол жылы өңірімізде өт­кен “Минута славы” байқауында брэйкданс биін және сурет салу өнерін паш етіп, бас жүлдеге лайық деп танылды.
Көрме күні жас дарынның шы­ғармашылығымен танысуға келген­дердің қарасы қалың болды. Қылқалам иесі көр­меге тыңғылықты дайындалған. Қабырғаларға ілінген суреттердің барлығын жарты жылдың ішінде салыпты.
Станиславтың шығармашылық жолындағы ең бірінші қолдау­шысы – анасы Маргарита Алерт.
– Ұлым кішкентайынан сурет салуға әуес болды. Бірақ туынды­ларын бізге көрсетпейтін. Әсі­ресе, үйде ем-дом алып жатқанда түр­лі сурет салумен уақыт өткізетін. Бір байқағаным, оның жан дү­ние­сінен шыққан жұмыстары тапсырыс бойынша салатын суреттерден кем емес, – деді Маргарита Алерт.
Станислав Алерт – “Street art” акциясы аясында нашақорлыққа қарсы күреске жұмылдырылған жастардың бірі. Жаздың басында ол облыс орталығындағы Казах­стан­ская правда көшесі, 120 ме­кенжайында орналасқан көпқабатты үйдегі арканы өзінің көркем туындысымен безендірген. Бұл – оның есірткіге қарсы күрес тақы­рыбына арналған екінші жұмысы. Талантты жігіт есірткі жарна­малары жазылған қабырғаға балалар мен жас ананың портреттерін салған. “Маған полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істе­ген ұнады. Осылайша, мен қоғам дертімен күреске өз үлесімді қо­сып жатқаныма қуаныштымын”, – дейді суретші.

 

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp