«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫНШЫЛАРДЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры Көкшетауда өткен бірінші аймақаралық “Театр күзі” атты фестивальдан оралды.

Театр әртістері көпшілік назарына Олжас Жанайдаровтың “Жұт” драмасын ұсынды. Бұл қойылым ХХ ғасырдың бас кезіндегі қиын-қыстау кезеңдерді, яғни қазақ даласын жайлаған ашаршылық жайын баяндайды. Театр ұжымы бұл қойылымды биыл мамыр айында ғана көрерменге тарту еткен болатын.

Театрдың режиссері Тимур Кәрімжановтың өңдеуімен қойылған спектакльді жұрт ерекше тебіреніспен тамашалады. Өйткені, бұл туынды тарихтың тереңіне үңілтіп, өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоғын зерделейді.

Халықаралық деңгейдегі сыншылар Қазан, Мәскеу, Астана қалаларынан келгенін айтып өткен жөн. Осы спектакльде басты рөлдердің бірі – Сәулені сомдаған жас әртіс Екатерина Литвинованың шеберлігі халықаралық сыншылар тарапынан жоғары бағаланды. Ол “Надежда” аталымында жеңіске жетіп, диплом және сыйақымен марапатталды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp