«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮЙЕГІ АСЫЛ АҚСАҚАЛ сый-құрметке бөленді

Ұлы Отан соғысының ардагері, қызылжарлық қадірменді қариялардың бірі – Қасым Жүнісов 90 жасқа толуымен таңырқатпайтын да тәрізді: ешкім де оған мұражайдың экспонатын көргендей қарамайды. Өзі де, сөзі де түзу.

Алдыңгүні оның 90 жылдығы облыстық әкімдікте атап өтілгенінде жиналған жұрт осыған куә болды. Олардың бәрі де білетін ақсақалдың аңызға бергісіз өмірбаянын еске салып өткеннен кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов адам өмірінің асқаралы асуы – тоқсанға толған тарланның иығына шапан жауып, құттықтау лебізін білдірді.

Туған күн иесін қарулас досы әрі қызметтесі болған Сергей Пресняков және Құдайберген Қалиев, Тілек Әбдірахманов, Валентина Кондратова сияқты ардагерлер құттықтады. Сондай-ақ, үлкен қызы – Жаңылжан Жүнісова ұрпақтардың атынан ақ тілегін арнады. Жиын соңында тарланның өзі сөз алып, ризашылығын жеткізді.

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp