«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұранысқа ие өнім

Ақжар ауданында жеке кәсібін ашып, несібесін тауып жүргендер аз емес. Солардың қатарына жақында Әсет Смағұлов қосылды. Газоблок кірпішін шығару цехын ашпас бұрын Әсет Қалиақбарұлы Көкшетау қаласында еңбек етіп, осы бағытта тәжірибе жинап қайтқан болатын. Одан кейін қасына үш адамды алып, Талшық ауылында шағын цех ашты.

Кәсіпкердің айтуынша, газоблок шығарудың еш құпиясы жоқ. Оған ақ құм, цемент, алюминий ұнтағы және 60-80 градусқа дейін жылытылған су ғана қажет. Оларды араластырып, арнайы қалыпқа салып, кептіреді. Әзірге үш адам бір күнде 100 кірпіш жасап жүр. Өнім бағасы қымбат емес, әрқайсысы 500 теңгеден сатылуда. Өндірісті кеңейтіп, өнімділікті арттыру кәсіпкердің алдағы жоспары. Бүгінде Әсет нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша несие алу үшін құжаттарын жинастыруда.

– Мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар жұмыс істеймін деген адамға өте тиімді. Әсіресе, ауылдықтар үшін пайдасы мол екені сөзсіз. Жұмыссыз жүргендерге кәсіп ашып, табыс көруге мүмкіндік зор, – дейді Әсет Смағұлов.

Айта кету керек, газоблок құрылыс материалдары үлкен сұранысқа ие. Бұған дейін аудан орталығының тұрғындары оны алыстан арбалап жүрсе, енді жақыннан сатып ала алады.

Болат ӘМІРИН,

журналист.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp