ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ ДАМЫМАЙДЫ
Кез келген мемлекеттің өркендеуі ғылым мен білімге байланысты. Ғылым жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымдарымыз жетерлік. Олардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Бақытгүл Әубәкірова – “Кез келген ұзартылған нысандар мен темірбетон конструкцияларының апаттық бұзылуын ескертуге арналған күзет дабылының талшықты-оптикалық жүйесі” патентінің, “Ағаштан және пластмассадан жасалған конструкциялар” оқулығының, …