«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨЗІНЕ ЖҰРТЫН ҰЙЫТҚАН

Биыл мемлекет қайраткері, би, шешен Әйтеке би Бәйбекұлының дүниеге келгеніне 380 жыл толып отыр. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеби-сазды кеш өтті.

Әйтеке би Бәйбекұлы – Тәу­ке хан тұсында Хан кеңесінің құ­рамына кірген, Кіші жүздің “Орда биі”, қазақтың аса көрнекті мем­лекет қайраткері. Ол Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би сияқты ірі жеті бидің қатарында орта­лықтандырылған Қазақ ханды­ғы­ның құқықтық заңдарының жи­нағы “Жеті Жарғыны” құрасты­ру­ға қатысты. Әйтеке би қазақ мем­лекеттілігінің орнығуына, со­нымен қатар жоңғар шапқын­шы­лығы жылдарындағы “Ақтабан шұбырынды” болған ұлы апатты кезеңдерде тиімді және тәуелсіз сыртқы саясатты қалыптасты­руға зор ықпал етті.

Кеш барысында Ақан сері атындағы облыстық филармо­нияның әншісі Ғалымжан Нұр­пе­йісов ән шырқап, меймандар қазақтың билер институты, ше­шендік өнері жайлы сөз қозғады. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің про­фессоры Зылиха Бимаханова, Әскери академия­ның профес­соры Жанбатыр Сар­таев баян­дама жасады. Са­фуан Шәймер­денов атындағы қалалық клас­сикалық гимназия оқушылары Әйтеке бидің ше­шендік сөздерін жатқа айтты.

Тәуке хан тұсында халық ара­сында “Күлтөбенің басында күн­де кеңес” деген сөз айтылған. Әйтеке би Тәуке ханның Хандық кеңесіне Кіші жүздің бас биі ре­тінде тартылды. Тәуке хан сол кез­дегі Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер қа­тарлы жеті ірі биге орталықтан­дырыл­ған қазақ хандығының құқықтық негізі – “Жеті Жар­ғыны” дайын­дау­ды тапсырды. Ол Тәуке хан­ның Хан кеңесінде кеңесшілік қызметпен ғана шек­телген жоқ, жоңғарларға қарсы жорықтарға тікелей қатысты. Оның жоңғар­лар­дың Сайрам қаласына ша­буылын тойтаруға қатысқаны бел­гілі. Ал 1683 жы­лы ол өзі Кіші жүздің әскери жа­са­ғын басқара отырып, бес мың әскерімен жоң­ғар әскербасы Ғалдан-Бошақ­тыға қарсы со­ғыс­та жеңіске жетті.

Дамира ЖҮСІПОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жанындағы ұлттық және шетел әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp