«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.02.2024

ЕҢБЕККЕ БАУЛЫҒАННЫҢ ЕШ АЙЫБЫ ЖОҚ

Еңбек адамды тәрбиелейді. Дана халқымыз қашан да баланың тәрбиесі мен біліміне ерекше мән берген. Әсіресе еңбек арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, бірлікке, адалдыққа, әділдікке, іскерлікке баулыған. Бала кезімізде шамамыз келгенше үйдің шаруасына араласып, ал мектеп қабырғасында сабақтан соң кезекші болатынымыз барлығының есінде шығар. Сол уақытта қыздар еден жуып, шаң сүртетін, гүлдерге су құятын. Ұлдар су әкеліп …

ЕҢБЕККЕ БАУЛЫҒАННЫҢ ЕШ АЙЫБЫ ЖОҚ Read More »

Мектеп мақтанышы

Елімізде білімге талпынған жасқа барлық жол ашық. Биылғы оқу жылында ауыл мектептерінің дарынды балаларына арналып ұйымдастырылған олимпиада соны аңғартты. Бұл олимпиада талай ауыл шәкірттерінің жұлдызын жандырған білім бәсекесі болды. Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға еліміздегі ауыл мектептерінің дарынды да талантты 1088 баласы қатысты. Олардың арасында Уәлиханов ауданы Көбенсай орта мектебінің …

Мектеп мақтанышы Read More »

Білімнің іргетасы – бастауышта

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру үдерісінің негізгі бөлігі. Келешек ұрпақты сауатты етіп тәрбиелеу Қазақстандағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында көрсетілген. Онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Әлемнің дамыған елдері қатарына ену үшін тұлғаның маңызды стратегиялық міндеттерді шешуде шығармашылық ойлауы мен …

Білімнің іргетасы – бастауышта Read More »

БАЛАҒА ҮЛГІ – АТА-АНА

40 жылдан астам еңбек өтілі бар Айжан Қапезова Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте бастауыш сыныпқа сабақ береді. Былтыр Президенттің қолынан “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” мемлекеттік наградасын алған Айжан Байкенқызының айтуынша, білім негізі – бастауышта, ал шәкірттің білімге деген қызығушылығын оятуда ата-ананың рөлі орасан. Мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, …

БАЛАҒА ҮЛГІ – АТА-АНА Read More »

Зарқын ТАЙШЫБАЙ: “ЖУРНАЛИСТИКА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ”

– Шәкірт тәрбиелеу, соның ішінде болашақ журналистерді оқыту – ешқандай атақ пен ақ­ша­ға айырбастамайтын аяулы ең­бек. Ғұмырымды осы шаруаға ар­нағаным үшін бақыттымын. Біз­дің кезімізде мектепте қабырға газеті деген болатын. Сегізінші сы­ныптан бастап үш жыл қа­быр­ға газетінің редакторы бол­дым. Әрине, мұғалімдердің кө­ме­гімен. Мектеп бітіргеннен ке­йін бір жыл колхозда трактор жүр­гіздім, келесі жылы он жеті жа­сым­да аудандық …

Зарқын ТАЙШЫБАЙ: “ЖУРНАЛИСТИКА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ” Read More »

ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ МЕКТЕПКЕ БАРМАҒАН өңір прокурорлары білім ордаларындағы заң бұзушылықтарды анықтады

Облыс прокурорлары өңір мектептерін тексеріп, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, білім беру мекемелерінің өкілдері қатысқан ведомствоаралық кеңесте айтылды. Тексеріс барысында құқық бұзушылықтардың жүйелі түрде орын алғаны белгілі болды. Кей аудандарда кәмелетке толмаған балалармен профилактикалық жұмыс жүргізетін комиссия өз міндетін тек қағаз жүзінде, яғни, жүрдім-бардым атқарған. Осындай немқұрайлылық салдарынан Тайынша …

ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ МЕКТЕПКЕ БАРМАҒАН өңір прокурорлары білім ордаларындағы заң бұзушылықтарды анықтады Read More »

СӨЗІНЕ ЖҰРТЫН ҰЙЫТҚАН

Биыл мемлекет қайраткері, би, шешен Әйтеке би Бәйбекұлының дүниеге келгеніне 380 жыл толып отыр. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеби-сазды кеш өтті. Әйтеке би Бәйбекұлы – Тәу­ке хан тұсында Хан кеңесінің құ­рамына кірген, Кіші жүздің “Орда биі”, қазақтың аса көрнекті мем­лекет қайраткері. Ол Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би сияқты …

СӨЗІНЕ ЖҰРТЫН ҰЙЫТҚАН Read More »

Қаламгердің бесігі

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінің сөресіндегі құнды жәдігерлердің бірі – жазушы Ермек Қонарбаевтың бесігі. Музей директоры Маржан Таушарова­ның айтуынша, бесікті мәдениет ор­дасына 2023 жылы жазушының қызы Нұрлыгүл Досанова тапсы­рыпты. Көктеректегі бастауыш мек­тептің жабылуына байланыс­ты білім ордасы жанындағы Ермек Қонарбаевқа арналған музейдегі заттардың барлығы аудандық музейге берілген. 2023 жылғы 8 қа­занда №8 актпен 49 экспонат қа­былданыпты. …

Қаламгердің бесігі Read More »

Балуандар бабында

Астанада белбеу күресінен ел біріншілігі өтті. Жарысқа өңіріміздің балуандары қатысып, үш жүлделі орынға қол жеткізді. Биылғы чемпионатта үш бір­дей жерлесіміз қанжығала­рын майлап қайтты. Ерлер ара­сында 57 килограмм салмақ дәрежесінде Тобыл Қорған­баев финалда қарсыласына жол беріп, күміс медальды қа­на­ғат тұтты. 68 килограмда Рахат Амангелдин де ақтық сында ғана жеңіліп, екінші орын­ды ен­шіледі. Енді спорт­шылар биыл Моңғолияда …

Балуандар бабында Read More »

Іскер жастарға – 1 миллион теңге

Елімізде “ZHAS PROJECT” ша­ғын гранттар конкурсы бастал­мақ. Оның аясында NEET сана­тын­дағы немесе уақытша жұмыс­сыз қыз-жігіттер мемлекеттен қай­тарымсыз негізде ақша алып, жо­баларын жүзеге асыра алады. “ZHAS PROJECT” – елімізде дәс­түрлі түрде жүзеге асырылып жат­қан жоба. Былтыр бұл баста­маның игілігін көрген 18 бен 35 жас аралы­ғындағы жастар ойын­дағы жоба­ла­рын бастапты. Биыл еліміз бойын­ша 280 грант ұсыны­лады, оларды …

Іскер жастарға – 1 миллион теңге Read More »

Күдікті – қамауда

Жыл басынан бері солтүстік­қа­зақстандық жедел уәкілдер іздеу­де жүрген 11 қылмыскерді анық­тады. Өткен жылдың қазан айында Пет­ропавлдағы көлік жөндеу ше­берханаларының бірінің қызмет­кері белгісіз адамның шабуылына ұшыраған. Қаскүнем жәбірлену­ші­ні ұрып-соғып, одан 51 мың теңге қаражатты күштеп алып кеткен. Қа­лалық полиция басқармасы екін­ші полиция бөлімінің қызмет­керлері өңір аумағынан шығып кеткен, осыған ұқсас қылмыстары үшін бұ­рын бірнеше рет сотталған …

Күдікті – қамауда Read More »

Жеке тұрғын үй өртенді

Петропавлдың шеткері ау­дан­да­рының бірі – Жұмысшы кен­тінің Матвеев көшесіндегі же­ке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиға туралы хабарлама “101” жедел нөміріне сағат 05:52-де түскен. Облыстық төтенше жағ­дай­­лар департаменті баспа­сөз қыз­метінің мәліметінше, өрт­ті сөн­діруге жеке құрамнан 16 адам және 4 арнайы техни­ка жұмыл­дырылды. Өртсөн­діру­шілер кел­­генде үйдің кіре­беріс бөл­ме­сі отқа оранып үл­герген екен. Таңғы сағат 7.00-ге жа­қын …

Жеке тұрғын үй өртенді Read More »