Бүгінде елімізде техникалық талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің айналымға түсуіне жол бермеу бойынша пешенді шаралар әзірленуде. Импорттық өнімдерді әкелу тәртібіне өзгерістер енгізу, сонымен қатар еліміздің техникалық талаптарына сәйкестігі растамаған импорттық тауарларды шекарадан өткізуге тыйым салу ұсынып отыр. Бұған дейін тауарға шартты шығарылым рәсімін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Бұл шара кедендік рәсімдеу кезінде тауарға сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация сияқты сынақтан өткенін растайтын құжаттарды алуға арналған. Бірақ импорттық өнім сынаққа дейін қазақстандық нарыққа жол таптатып. Қазір бұл рәсім жойылды.
Техникалық реттеу жүйесі дистрибьюторларға, яғни қайта сатып алушыларға сапасыз тауарларды әкелуге, нарықтағы “сұр” сертификаттарды сатып алуға кедергі келтіреді деп болжануда. Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары “сұр” сертификаттармен күрес мәселесіне басымдық береді. Еліміздің тауар өндірушілері стандарттау үрдісіне қатысу арқылы нарықты жасанды және контрафактілік өнімнен қорғауға ықпал етулері тиіс. Атап айтқанда, “Ұлттық аккредиттеу орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган осындай сертификаттар мен жалған құжаттарды беруді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде Ресей Федерациясы берген сәйкестікті растау жөніндегі құжаттардың қолданылуы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қою және өнімді алдын ала сынақтарсыз Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салу жоспарланып отыр. Импортер алдымен тауардың сапасын, оның еліміздің техникалық талаптарына сәйкестігін растауы қажет. Тек содан кейін тауарға шекарадан өту құқығы беріледі. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды оңтайлы жүргізгу мақсатында тиісті инфрақұрылымдар құру жоспарлануда. Бүгіндері кәсіпкерлердің тауарларының бақылау-қадағалау органдарынан кедергісіз өтіп, сөрелерге және кейін сатып алушыларға түсуі үшін Қазақстан мен шетелдерде арнайы зертханалар мен аккредиттелген орталықтар салынуда. Мақсат – адал кәсіпкерлер мен бақылаушы органдардың жұмыстарын үйлестіру арқылы ішкі нарықты алаяқтықтан қорғау.
Көлеңкелі айналым мен контрафактіге қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі – тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі. Алдағы уақытта бұл жүйі енгізілетін болады. Кейбіреулер бұл қадамның жергілікті кәсіпкерлерге қосымша жүктеме түсіреді деген пікір айтуда. Алайда, бұл олай емес. Керісінше, аталмыш жүйенің арқасында іскер азаматтарға түсетін жүктемелердің саны азаятын болады. Сөйтңп, бизнес өкілдерін контрафактілі өнімдерден қорғанып, нарықта бәсекелестікті қорғау жүйесін құру мүмкіндігін береді.
Қазіргі уақытта темекі мен алкоголь өнімдерін, аяқ киімдерді және дәрі-дәрмектерді таңбалау бойынша қанатқақты жобалар іске қосылды. Өткен жылы тондарды таңбалау бойынша жоба жүзеге асырылған болатын. Бұл жобалар нарықта бәсекелестік пен өнімнің сапасына оң әсер етеді. Таңбалау тетігін енгізу алдағы уақытта ел экономикасына мультипликативтік әсер етуі тиіс.
Сонымен қатар, халықаралық талаптарға сәйкес, сапа стандарттары қайта қаралатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік береді және жергілікті тауарлардың сыртқы нарыққа еркін шығуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еліміздегі жиһаз өнімдерінің стандарты еуропалық стандартқа сәйкес болған жағдайда, қазақстандық өнімге Еуропа елдеріне жол ашылады. Яғни, сапасы жағынан бірдей екі елдің тауарлары тек баға жағынан бәсекеге түспек. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер сапалы өнімдерін трансұлттық сауда желілері арқылы сату мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Бейбіт ӘБІЛЕВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология
департаментінің басшысы.