«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАНАБАУ ТАҒУ

Балалар, танабау тағу салтының қандай екенін білесіңдер ме? Біреулеріңе танабау тағылды ма? Тағылмаса, бұл дәстүрдің қандай мағына беретіндігін біліп, өздеріңе танабаудың тағылуы үшін амал етіп көріңдер.

Ұл бала алғаш рет әкесіне, қыз бала шешесіне ілесіп, түрлі жұмыстарына қолғабыс тигізіп жүргенін бірінші рет көргенде туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаңдары: “Балаларың жігіт болыпты, бойжетіпті, қажетке жарапты”, – деп жабыла құттықтап, балаға түйме-тана, білезік, сөлкебай тағып жібереді. Кейде оны көптің атынан біреу барып тағып қайтады. Міне, бұл “танабау тағу” деп аталады.  

Салт бойынша баласына “танабау” тағылған ата-ана бұл жағдайды міндетті түрде атап өтеді.

Танабау шайына барған кісілер баланың ата-анасына “балаңның танабауы” деп әртүрлі бағалы тар-тулар мен қой-қозы, тай-тайынша беріп, игі тілектерін айтады.

Бұл дәстүр адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік пен береке-бірлікті нығайтып, адамдарды күйініш-сүйініште бірге болуға шақырса, балаларды жасынан еңбекке баулиды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp