
Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мұражай-кабинет ашылды.
Кабинетте бес ғасырдан асатын тағылымды тарихы бар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, көшпелі өмір салтын, өнегелі дәстүрін, ұлттық ойындарын және киім үлгілерін, шежірелі тіршілігін, қонақжайлылығы мен жаудан сескенбейтін батырлығын айғақтайтын заттар, сондай-ақ, төл тарихымыздың кешегісі мен бүгінгісін баяндайтын тарихшы авторлардың бірегей кітаптары қойылған. Жәдігерлер арасында өңірімізде туып, еліміздің әдебиетінің көркеюіне, мәдениетінің өрістеуіне мол үлес қосқан Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов сынды ұлт зиялыларының шағын мүсіндерімен қатар “Алтын адам” ескерткішінің матадан безендіріліп жасалған тұлғасы да бар.
Кабинеттің жетекшісі Алмат Макишевтің айтуынша, мұражайды жабдықтауға колледж оқытушылары, студенттері және олардың ата-аналары да атсалысқан. Колледж басшылығының қолдауымен біраз дүниелер сатып алынған.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.