«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХҚА ЖҮЙРІК

Мен кандидаттық диссертация жазу үшін жергілікті халық ақындарының шығармашылығын зерттеп жүрген едім. Ғылыми жұмысымда ақын Молдахмет Тырбиевтың шығармашылығына тоқталып, ол туралы біледі-ау деген кісілермен кездестім. Осы мақсатпен академик Аманжол Қошановпен талай мәрте жүздесіп, ұзақ әңгімелестік. Сал-серілер Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың ізін басып, дәстүрін жалғастырған Молдахмет Тырбиев соңына ғибратты сөз қалдырғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Сол жолы Аманжол Қошанұлының тарихты да, әдебиетті де осы саланың марғасқаларынан кем білмейтініне таңдандым, риза болдым. Молдахмет Тырбиев жайлы көп мәлімет айтып, менің зерттеу жұмысымның мазмұнды болуына үлесін қосты. Одан кейін де әр кездескен сайын ол кісінің білімінің тереңдігіне, көрегендігіне, парасаттылығына, байыпты сөйлеу мәнеріне тәнті болдым. Жерлестеріне деген құрметі де өзгеше. Туған жерінен іздеп келген маған бар білгенін айтып, қонақжайлылығын танытып, қолынан келген көмегін аямады.
 

Жанбай ҚАДЫРОВ,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, филология кафедрасының меңгерушісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp