«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫСТЫ ПІКІРСАЙЫС

Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада дебат турнирі өтті.

Пікірсайысқа жергілікті дебаттық клуб өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Әр түрлі форматта ұйымдастырылған пікірсайысқа қатысушылар латын әліпбиіне көшу тақырыбы аясында сөз жарыстырды. Белсенді жастар тіл мәселесіне қатысты өз ойларын еркін жеткізіп, шешендік өнерлерін ортаға салды.
Пікірсайыста өзінің ұтқырлығын танытқан Біржан Тұрғанбай сияқты жастардың жаңаша ойлау дағдысы қалыптасқанын аңғардық. Олар “Латын әліпбиіне көшу заман талабы”, – дейді. Жалпы, дебатта 24 сөз шебері пікір таластырды. Шара соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Сурет https://ktonanovenkogo.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp