«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТАР ӘНДЕРІ ӘУЕЛЕДІ

Петропавл қаласында татар әндерінің кеші өтті. Дәстүрлі шараға Татарстан мен Башқұртстаннан арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Уфа қаласынан келген Алмаз бен Айдар Юнусовтар көрермендер назарына татар ұлтының көне аспабы – тальянкиды ұсынып, жиналған қалың қауымның көңілін бір көтеріп тастады. Ағайынды егіз жігіт тальянкида ойнауды аталарынан үйренген. Әртістер аталмыш аспаптың солтүстікқазақстандықтар үшін жаңалық екеніне сенімді.

Ағайындылар аспапта ойнаумен қатар, ән шығарумен де айналысады. Татарлардың ұлттық өнерін насихаттау үшін шекара асып келгендердің бірі – қазандық Эльмира мен Рафиль. Жақсы дайындықпен өткен ән кешіне риза болған өнер иелері: “Өз елімізден шалғайда, Қазақстан жерінде татар әндері кешінің өтуі біз үшін зор мақтаныш, мәртебе”, – деп ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.  

Жылына бір рет ұйымдастырылатын концертке жиналған қауымның қарасы көп болды.

Фариза ЖАЗИТОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp