Петропавлда оралған тауарлардың 35 түрі тексерілуде. Өткен жылы республиканың кей өңірлерінде салмағы қорабында көрсетілген санға сәйкес келмейтін өнімдер тіркелген болатын. Олардың қатарында кондитерлік және макарон өнімдері, жарма, қант және басқа да тұрмыстық тауарлар бар. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары тауардың салмағы мен көлемі, саны қораптың сыртында көрсетілген ақпаратпен сәйкес келуі МРКП-1 және МРК 6200 құрылғыларымен тексерілетінін айтты.
Департамент қызметкерлері осы тектес кемшіліктер кездескен жағдайда, Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 56-үй, 22-кабинетке келуге немесе 52-74-97 және 52-75-31 телефондарына хабарласуға болатынын өңір тұрғындарының есіне салады.