«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ташкент төріндегі төрт алтын

Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Финалда өнер көрсеткен бес отандасымыздың төртеуі алтыннан алқа тағынса, бір спортшы күміс жүлдегер атанды.

Ақтық сынның бірінші фина­лын­да 48 килограмның үздігін анықтау мақсатында шаршы алаңға қазақстандық Санжар Тәшкен­бай шықты. Отандасымызға грузия­лық Сахил Алахвердови қарсылас атанды. Үш раундтың қорытынды­сы бойынша ұлттық құраманың 19 жас­тағы боксшысы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал 2021 жылғы Белградта өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан бұл жолы да финалға шықты. Шешуші жекпе-жекте “қазақ­стың Ломоченкосы” ринг қожайыны Ойбек Джураевпен күш сынасты. 21 жастағы былғары қолғап шебері үшінші раундта өзбекстандық қарсы­ласын 2 мәрте нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірыңғай шешімі­мен алтын медальға қол жеткізді.

67 килограмда өнер көрсеткен Дулат Бекбауов финалда сүрінді. Қа­зақстандық боксшы жарыс иесі Асадходжа Муйдинхожаевтан же­ңілді. Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов 71 килограмм салмақта топ жарды. Фи­налда отандасымыз өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты тізе бүк­тірді. Нұрбек Оралбай 80 килограмм дәрежесінде қар­сылас шақ келтірмей тағы бір мәрте әнұранымызды шырқатты. Отанда­сымыз шешуші жекпе-жекте Қытай атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp