«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 15, 2023

БОЙЖЕТКЕННІҢ КӨЗ ЖАСЫ

Ғалия МАЛДЫБАЕВА, 61 жаста. Аялдама. Кісі қарасы қалың. Ер­сілі-қарсылы жүрген автобустарға жолаушылардың бірі отырып, енді бірі межелеген мекенжайларына түсіп жатыр. Мен сарыла күткен көлік әлі жоқ. Сегіз жылдан бері кездес­пеген сыныптасымның “жарты сағат­тан соң автобуспен жетемін” дегені­не есім шығып, ерте келіп қойдым ба екен? Ұзақ тұрдым. Екі көзім қоғам­дық көліктерден асығыс түсіп жатқан жолаушыларда. Кенет …

БОЙЖЕТКЕННІҢ КӨЗ ЖАСЫ Read More »

Қызметіне адал

Куминовтар әулетінің полиция органындағы еңбек өтілі жарты ғасырдан асады. Владимир Халин қылмыстық-атқару жүйесінде 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Оның салып кеткен соқпағын ұлы Владимир мен келіні Наталья жалғастырып, Горное елді мекеніндегі 164/4 ЕС мекемесінде абыроймен еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты. Немересі Денис Куминов Ақтау қаласында Отан алдындағы аза­мат­тық борышын өтеп келгеннен кейін өз болашағын …

Қызметіне адал Read More »

УӘДЕ – ҚҰДАЙ СӨЗІ

Мұсылман үшін асыл қасиет, имандылықтықтың нышаны – уәдеге берік болу. Өкініштісі сол, қазіргі уақытта бұл асыл мінез көп адамдардың бойынан табыла бермейді. Уәденің жоғалуынан адамдардың сөзіне, амалына күмәнмен қарап, істің орындала­тынына толық сенім арта алмағандықтан альтернативті шешімді қарастыратын заманға жеттік. Біріншіден, біз өзгеге емес өзі­міз­ге берген уәдені орындамаймыз. Өмі­рімізді жақсы жаққа қарай өзгертеміз деп өзімізге …

УӘДЕ – ҚҰДАЙ СӨЗІ Read More »

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР

Абылай ханның бозбала күнінде жарқ етіп, қазаққа ерлігімен танылған, жекпе-жекке шығып, қалмақтың Шарыш батырын өлтіріп, хан тағына отырғаннан кейінгі ғұмыры шайқастарға, азаттық жолындағы күреске толы болғандығы аян. Осындай аласапыран кезеңдерде қазақтың баһадүр батырлары, от ауызды, орақ тілді шешендері Абылайдың арқасүйерлеріне, көмекшілеріне айналды. Сондай ержүрек тұлғалардың бірі – Жанатай Ақанұлы. Шыны керек, былайғы жұрт Жа­на­тай батырдың …

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР Read More »

Су айдындарын тазартты

Өңірімізде “Таза су айдындары” акциясы жүріп жатыр. Су ай­дын­дарын қоқыстан тазарту арқылы халықты қоршаған ор­таны күтіп ұстауға баулымақ. Бір айдан бері табиғат жана­шыр­лары өзен-көлдерді жағалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап жатыр. Осы жолғы игілікті іске 60 белсенді қатысты. Олар Есіл өзенінің Қарғалы аралындағы тұсын қоқыстан тазартты. – Осыған дейін Сергеев су қой­ма­сы және Пестрое көлінің маңын жи­надық. …

Су айдындарын тазартты Read More »

Бар бақыттың бастауы

Петропавлда “Отбасы – бақыт­тың кепілі” атты фестиваль өтті. Ал­ғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара облыстық әкімдік жанында­ғы әйелдер ісі және отбасылық-де­мографиялық саясат жөніндегі ко­миссия мен Қазақстан халқы об­лыстық ассамблеясының бастама­сы­мен ұйымдастырылды. Фести­вальге Петропавл қаласынан 13 от­ба­сы қатысты. Отба­сылар 7 кезең бойынша сынға түсті. Олар ән айтты, білімде­рін көрсетті, барлығы бірге сурет са­лып, мака­роннан әшекей жасады, спорттық …

Бар бақыттың бастауы Read More »

Ауыл медицинасы алға басып келеді

“Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды” – деген еді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауында. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі саналады. Денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы …

Ауыл медицинасы алға басып келеді Read More »

Тауарлы-сүт фермасы — табыстың көзі

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Аққайың ауданына жұмыс сапарымен барды. Власовка ауылының тұрғындарымен кездескен өңір басшысы, әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасымен, шаруа қожалықтарының әлеуетімен танысты. Сонымен қатар қазіргі маңызды науқан – көктемгі егістің барысын көру үшін алқап басына барды. Жарты ғасырлық тарихы бар Власовка орта мектебінде 105 оқушы білім алып жатыр. Осыдан үш жыл бұрын мектепке күрделі …

Тауарлы-сүт фермасы — табыстың көзі Read More »

МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ

Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті. Оның аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша “Kazakhstan Machinery Fair 2023” халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Аталған саланың ірі кәсіпорындары, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етушілер мен тұтынушылар, түрлі мемлекеттік сектор өкілдері, бизнес-қауымдастықтар бас қосты. Форумның пленарлық отырысына қатысушылар машина жасау …

МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ Read More »

Мақсат – жұмыс тиімділігін арттыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту керек екенін баса айтты. Атал­ған жаңғыртудың негізгі міндеті – адал және ашық жұмыс істейтін тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бүгінде бұл бастама кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазір біздің алдымызда бюрократиядан арылу, мемлекеттік қызметке орна­ласу кезінде артық кедергілерді алып тастау, мемлекеттік қызметке …

Мақсат – жұмыс тиімділігін арттыру Read More »

Ет те, сүт те арзан

Облыс орталығында апта сайынғы дәстүрлі жәрмеңкелер жалғасуда. Аудан шаруалары қала тұрғындарына жергілікті азық-түлік өнімдерін арзан бағада ұсынуда. “Алтын арман” базарындағы кезекті жәрмеңке де әдеттегідей ұзын-сонар кезекпен басталды. Тұрғындардың айтуынша, азық-түлікті осындай жәрмеңкеден алған анағұрлым тиімді, өйткені арзан, та­биғи таза әрі сапалы. Бүгінде қаладағы ағайынға азық-түлікпен қамдану үшін жылына бірнеше рет өте­тін жәрмеңкелерді күтудің қажеті жоқ. …

Ет те, сүт те арзан Read More »

ҚОРДЫҢ ШАРАПАТЫ

“Қазақстан халқына” қорының де­меушілігімен өңіріміздегі ерекше бі­лім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған тағы бір мектеп-интер­нат заманауи қондырғылармен жа­рақ­тандырылды. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Ломоносов ар­найы (түзету) мектеп-интернатының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қордан 13 млн. теңге бө­лініпті. Қазіргі уақытта мектепте 58 бала тәлім-тәрбие алады, оларға 33 ұстаз білім береді. Ломоносов арнайы (түзету) мек­теп-интернатының директоры На­талья Ахмадуллинаның айтуынша, …

ҚОРДЫҢ ШАРАПАТЫ Read More »

МҰҚТАЖ ЖАНДАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Еліміздің басты құндылығы – адам. Қай елде болмасын азамат­тардың материалдық жағдайы бір­дей емес. Олардың арасында мем­лекеттің қолдауына мұқтаж жандар­дың болатыны сөзсіз. Қазақстанда қоғамның әл­жуаз топтарына арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға ар­налған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба. Ұлттық жоба көз­де­ген он міндеттің үшеуі – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Оның ішінде кәсіп …

МҰҚТАЖ ЖАНДАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА Read More »

Күй дүлдүлі – Құрманғазы

Қазақ топырағынан әлемді аузына қаратқан көптеген атақты тұлғалар, дара дүл-дүлдер шыққан. Елді өзінің өз­геше өнерімен тәнті қылған жа­сампаз күйшілердің бірі – Құр­манғазы Сағырбайұлы. Ол қа­зақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі. Биыл ардақты тұлғаның туғаны­на 200 жыл толады. Осыған орай Ға­бит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапха­насында “Құрманғазы және ұлы дала сазы” атты кеш өтті. …

Күй дүлдүлі – Құрманғазы Read More »

ТАҒДЫРЫ АУЫР ҚАЛАМГЕР

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана­сын­да жерлесіміз, жазушы және публицист Әбдірахман Айсариннің 125 жылдығына арналған “Қиын тағдырлы жазушы” атты еске алу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға Әбдірахман Айсариннің ұрпақтары, зия­лы қауым өкілдері, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің, Ж.Тәше­нев атындағы №20 орта мектеп­тің оқушылары, кітапхана оқырман­дары қатысты. Әбдірахман Айсарин қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жам­был ауданында дүниеге келген. Пет­ропавл уезінде …

ТАҒДЫРЫ АУЫР ҚАЛАМГЕР Read More »

Ташкент төріндегі төрт алтын

Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Финалда өнер көрсеткен бес отандасымыздың төртеуі алтыннан алқа тағынса, бір спортшы күміс жүлдегер атанды. Ақтық сынның бірінші фина­лын­да 48 килограмның үздігін анықтау мақсатында шаршы алаңға қазақстандық Санжар Тәшкен­бай шықты. Отандасымызға грузия­лық Сахил Алахвердови қарсылас атанды. Үш раундтың қорытынды­сы бойынша ұлттық құраманың 19 жас­тағы …

Ташкент төріндегі төрт алтын Read More »

“Жетісуды” жеңді

Футболдан ел біріншілігінің 9-шы турында жерлесте­ріміз өз алаңында талдықорғандық “Жетісу” командасын қабылдады. Бұл кездесуде жеңіс “Қызылжар” клубына бұйырды. Матч басталысымен солтүстік­қазақстандық футболшылар қарсы­лас қақпасын нысанаға алды. Өкі­нішке қарай, бірінші таймда жерлес­теріміз есеп аша алмады. Ойынның екінші бөлімінде талдықорғандықтар қауіпті ша­буылдады. Алайда қонақ­тар да нәтижелі соққы жасай алма­ды. Кездесудегі жалғыз гол 72-ші ми­нутта соғылды. Оң қапталдан …

“Жетісуды” жеңді Read More »

Салық төлеуден жалтарғандар

Көлік салығын төлеу мерзімінің аяқталғанына бір айдан асты. Соның өзінде 15 мыңнан астам солтүстік­қазақстандық тиісті төлем жасама­ған. Қарыз көлемі – 411 млн теңге. Осы ретте облыстық мемлекеттік кі­рістер департаменті сот орындау­шылары арқылы мәжбүрлеп өндіріп алуды жоспарлап отыр. – 26-шы мамырдан бастап берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлердің тізімдері сот орындау­шыларына мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін …

Салық төлеуден жалтарғандар Read More »

Парақор полицей жеті жылға сотталды

Сот үкімімен заңсыз бизнесті қамқорлығына алған қалалық поли­ция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы сот­талды. Ол 7 жылға бас бостандығы­нан айыру жазасына кесілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, полицей сапаны растай­тын тиісті құжаттары жоқ акцизде­летін өнімді заңсыз өткізуді жүзеге асыр­ға­ны үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам пара алған. Осылайша …

Парақор полицей жеті жылға сотталды Read More »