«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЭВАНДОШЫЛАР ҚОРЖЫНЫНДА – 16 МЕДАЛЬ

Семейде таэкван-до бойынша “Семей Кубогы” атты халықаралық турнир және кадеттер мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан 450-ден астам спортшы қатысқан додада солтүстікқазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі 16 медальды жеңіп алды.

Бәсі биік сайыста жерлес таэвандошылар – Виолетта Баева (2 алтын, 1 күміс), Айнұр Қадірменова (2 алтын, 1 қола), Әділхан Темірболат пен Елхан Амангелді (1 алтыннан), Глеб Лымарь (1 алтын, 1 қола), Дарья Назарова (1 алтын, 1 күміс), Влад Каральчук (1 күміс), Влад Алисиевич (1 күміс, 1 қола) және Елдәр Есиянов (1 қола) қарсыластарын басып озып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp