«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды.

Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ химия-технология институтын “инженер-құрылысшы-технолог” мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың Ұлттық жоғарғы мектебін “мемлекеттік басқару” мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін “заңгер” мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы жылу комбинатының жұмысшысы ретінде бастаған.

1993-1994 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы, бас маманы қызметін атқарған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы.

2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарда басшылық еткен. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ОҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық тәртіптік кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық тәртіптік кеңес төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, “Нұр Отан” ХДП ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

2011 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының (2013 жылдан бастап департамент) басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы қызметін атқарған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp