«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАМЫМЫЗ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Аспаздық өнердің ішінде грузин асханасының алар орны ерекше. Бұлай дейтін себебіміз, тағамдарының тіл үйірер дәмі мен өзге асханаларында қайталанбайтын ерекше қасиетін айтуға болады. Негізгі тағамдарына қой етінен жасалатын мужужи, чанахи, сиыр етінен харчо және үй тауығынан немесе күркетауық етінен дайындалатын чахохбилиді атауға болады. Көкөністен дайындалатын тағамдардың басым бөлігі үрмебұршақ, баялды, түсті қырыққабат, қызылша, қызанақ өнімдерінен жасалады.

Грузин асханасында салқын тағамдар тобын лавр жапырақтарынан дайындалатын лобио, қызылша, саумалдық жапырақтарынан, жас иіржапырақтан дайындалатын пхали құрайды. Баялды жаңғақтармен және сарымсақпен бірге әзірленеді. Салқын тағамға саңырауқұлақтың бір ғана түрі – хис соко пайдаланылады. Ал ыстық тағамдар арасында ең танымалы кучмаши деп аталады. Сол сияқты баялды, қызылшадан да түрлі ыстық тағамдар даярлайды. Күнделікті грузин дастарқанынан жасыл бұрыш, жасыл қызанақ, қырыққабат, сулугуни сыры мен кинза, базилик, тархун сынды аскөк түрлерін көруге болады.

Сондай-ақ, ең танымал сорпа ретінде харчо, чихиртма, хаши және мацониден жасалатын сорпаларды атауға болады. Хаши сорпасы өте майлы және қою болып келеді. Сорпа сиырдың сирақтары мен ішек-қарын қосындыларынан дайындалады. Сорпа дайын болған уақытта ұнтақталған сарымсақ және кептірілген лавашпен бірге дастарқанға тартылады.

Біздің асханамызда ащы және қышқыл тұздықтардың алуан түрі қамтылған. Мысалы, ащы бұрыштан жасалған аджиканың әртүрлі сорты, қара өріктен дайындалатын әртүрлі ткемали, тәтті бұрыш және дәмдеуіштер қосылып, қызанақтан дайындалатын сацебели тұздықтары.

Нино КАТАМАДЗЕ,

үй шаруасындағы әйел.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp