«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ ҮШ БАЛАБАҚША ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында салынып жатқан балабақшалардың құрылыс барысымен танысты. Олардың бәрі де жекеменшік инвестицияның есебінен бой көтеруде.

Балабақшалардың біреуі Панфилов көшесі, 256 мекенжайында салынуда. Оның құрылысын “СевКазЭнерго” АҚ жүргізуде. Балабақша 320 орынға шақталған. Қазіргі уақытта екінші қабатқа пластикалық терезелер, шатырдың тіректерін орнату жөніндегі жұмыс аяқталып келеді, балабақша маңындағы аумақ абаттандырылуда. Ғимараттың ішкі қабырғалары мен қалқаларын әрлеу жұмыстары аяқталып, жылыту жүйелері құрастырылуда.

Исмаилов, 9 көшесіндегі 42 орындық мектеп жасына дейінгі мекеменің құрылысын “Самигуллина З.А.” ЖК аяқтауға жақын. Компания өкілі Артур Самигуллин сыртқы инженерлік желілер мен желдеткіш қондырғыларын орнату, қоршаулар мен кіреберістерді құрастыру ғана қалғанын өңір басшысына баян етті.  

“Егоровские склады” ЖШС Алматы көшесінде 280 орындық балабақша салу үстінде. Қазіргі уақытта құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуге, шатырды жабуға, ғимараттың кіреберісі мен қасбетін құрастыруға жұмылдырылған.

“Титан-Север” ЖШС мердігер ұйымының басшысы Гарик Бернецян аталмыш ғимаратты желтоқсан айының ортасына дейін аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтып берді.

– Қажетті құрал-жабдықтардың барлығы сатып алынды, олар қоймада сақталуда. Алдағы аптада есіктер мен кереуеттер жеткізілуге тиіс, – деді Гарик Симовонович.

Өңір басшысы Рига-Айыртау-Набережный көшелері қиылысы маңында салынып жатқан 200 орындық балабақшада да болды. “Кошиков” ШК-нің басшысы Николай Кошиков ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталғанын айтты. Қазіргі уақытта олар инженерлік желілерді тартумен, шатырды құрастырумен және ғимарат маңын абаттандырумен айналысуда.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 414 орындық мектепке дейінгі білім-тәрбие мекемесі ашылды. Концессиялық жобалар аясында тағы да үш балабақша тұрғызу жоспарлануда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp