«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАЙЫНА ТАТЫМАҒАНДАР ҚАМАУҒА АЛЫНАДЫ

Жыл басынан бері петропавлдық тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 3400-ден астам адамды жауапкершілікке тартты.

Ащы суға тойып алып, ұйықтап жатқан адамдарды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау сәнге айналғандай. Мұндай азаматтарды полицейлер уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізеді. Ал жағдайлары ауыр болса, «Жедел жәрдем» шақырады. Заң бойынша оларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал бір жыл ішінде тәртіп бұзушылықты қайталағандарға айыппұлдың мөлшері көбейеді. Әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылғандар бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Биылғы жеті ай ішінде спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерге қатысты 7174 хаттама толтырылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp