“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үздік туристік жолсерік” байқауының қорытындысы жарияланып, 5 үздік жоба анықталды.
“100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылған байқаудың мақсаты – жастардың Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту, туристік саланы дамытуға үлес қосу.
Байқауға “Петропавл бойынша жолсерік” атты жобаны Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері әзірлеген. Олардың еңбектері байқаудың үздік ұжымдық жұмыс аталымында жеңімпаз атанды. Студенттердің айтуынша, арнайы туристерге арналған нұсқаушы кітапты әзірлеуге шамамен 2 ай уақыт кетіпті. Кітапшаға Петропавл қаласының демалуға және серуендеуге арналған мекемелерінің тізімі енгізілген.
Егер үздік жұмыстарға демеушілер табылса, жолсерік үлгілері болашақта кәдеге асатын болады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
журналист.