«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.12.2015

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚАТЫСТЫ БЕС САУАЛ

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның басылымдардағы “5 сауал” атты тұрақты айдары бойынша оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға оның облыстық филиалының директоры Рамазан Мұқанов жауап береді. – Рамазан Жарлағасұлы, бүгінгі мына қарбалас заманда зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бар ма? Салымшылар зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты қалай ала алады?

СЕКСЕНІНДЕ ТАУҒА ШЫҚҚАН ТАРЛАН

Бүкіл саналы ғұмырын өзінің сүйікті ісіне арнап, сол ұзақ жылғы еңбегі арқылы артына басқалар айтып жүрерліктей із қалдырған, алайда атқарған жұмыстарын күні бүгінге дейін бұлдамай, көптің бірі болып өмір сүріп жатқан құрмет тұтар қарттарымыз, Құдайға шүкір, арамызда аз емес. Солардың бірі облыс орталығының тұрғыны Тілек Әбдірахманов десек, қателеспейміз.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Соңғы уақытта балаларға қатысты зорлық-зомбылық жиі орын алуда. Кейбірі оң-солын танымай жатып, азғындардың құрбанына айналса, енді бірі туған ата-анасынан зәбір көруде. Сондай-ақ, ата-ана жылуын сезінбегендіктен, бесіктен белі шықпай жатып, құқық бұзушылықтың құрығына іліккендері қаншама?! Облыс прокурорының аға көмекшісі Раушан Қожахметовамен осы мәселелер төңірегінде әңгімелескен едік.

КЕЛЕШЕГІМІЗДІ КӨЗДЕГЕН

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің болашағын жасайтын жастарды ешқашан естен шығарған емес. Олардың сапалы білім мен тәрбие алуына, мамандық таңдауына, Отанымыздың патриоты болуына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдаудың да сондай екендігіне құжатпен мұқият танысқан кезімізде көзіміз жетті. Білім және денсаулық сақтау салаларымен бірге біз сияқты студенттердің де шәкіртақысы жаңа жылдан бастап өскелі отыр. Осының …

КЕЛЕШЕГІМІЗДІ КӨЗДЕГЕН Read More »

АСУЛАР – АЛДА

“Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев елдің басты мақсаттарын айқындап, Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдыру, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу үшін әрі қарай қандай бағыт-бағдар ұстанатынымызды атап көрсетті. Мемлекет басшысы: “Жаһандық дағдарыс – тек қауіп қана емес, бұл – жаңа мүмкіндіктер”, – дей отырып, дағдарыс жағдайындағы экономикалық өсімді …

АСУЛАР – АЛДА Read More »

БОЛАШАҚ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Президенттің халыққа Жолдауы мазмұндылығымен көңілімнен шықты. Ондағы айтылған әрбір ой халық көкейінде жүрген проблемалармен ұштасып жатыр. Биылғы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” тақырыбындағы Жолдауда әлемдік дағдарысты еңсерудің жолдары нақтыланып, бірлік пен ынтымағымыздың арқасында қиын-қыстау кезеңді артқа тастауға болатыны айтылған.

ӨМІР ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім жүйесін жетілдіруге, оның сапасын арттыруға және білімге қолжетімдікті кеңейтуге, заңды қолдану барысында ашылған құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған “Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Осыған орай облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованы әңгімеге тарттық.

ТАҢДАУЛЫ ТУРИСТІК ЖОЛСЕРІК

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үздік туристік жолсерік” байқауының қорытындысы жарияланып, 5 үздік жоба анықталды. “100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылған байқаудың мақсаты – жастардың Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту, туристік саланы дамытуға үлес қосу.

АНАЛАР ДА, БАЛАЛАР ДА ҚУАНДЫ

Жаңа жыл қарсаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және “Қызылжар аналары” қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Көпбалалы отбасынан шыққан балғындарға мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Алтын құрсақ аналарға қолдау көрсетіп, отбасы құндылығын, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты, салт-дәстүрді насихаттайтын шара жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушылар аналар мен балаларға жаңажылдық тамаша көңілкүймен қатар, сыйлықтар сыйлады. – …

АНАЛАР ДА, БАЛАЛАР ДА ҚУАНДЫ Read More »

“ЕСНАЗАР – 2015” ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Петропавлдағы есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық (түзету) мектеп-интернатының ұжымы осы санаттағы оқушылар арасында алғаш рет “Есназар – 2015” атты халықаралық интернет-олимпиада өткізді. Байқауда өрендер математика, информатика, физика, химия, биология, география және арнайы-түзету, яғни дыбысты айтуды қалыптастыру пәндері бойынша сынға түсті.

БАТЫРҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Дара тұлға, дана тұлға” атты әдеби іс-шара өтті. Оны кітапхананың шетел және ұлттық әдебиеттер бөлімінің мамандары ұйымдастырды. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған шара батырдың туған күні – 24 желтоқсанға орайластырылды.

АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ АРНАСЫ

Айтыскер ақын, манасшы-жырау Баянғали Әлімжанов өзінің сан қырлы шығармашылық әлеуетін жан-жақты қаламгерлік қабілетімен айғақтап, бірнеше көркем туындыларын оқырмандарға тарту етті. Дарынды жазушы тарихи шығармаларымен де бүгінгі әдебиетімізді байытуға еңбек сіңіруде. Оның осындай үлкен ізденісінің нәтижесінде қолымызға тағы бір тың туындысы тиіп отыр. Орыс тілінде жазылған “Аблай хан и его батыры” деген бұл кітап “Легенды великой …

АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ АРНАСЫ Read More »

ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ОЙДАҒЫДАЙ

Бүгінгі таңда облыс аудандарында ашылған кәсіпкерлікті қолдау орталықтары тиімді жұмыс істеуде. Уәлиханов аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалына көмекке жүгінген “Досжан” фермерлік шаруашылығының басшысы Сәдібек Қамаев та бірнеше мәрте орталықтан қолдау көрген кәсіпкерлер қатарында. Ол алғаш рет ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы орталық мамандарынан кеңес алуға келген болатын. Мамандар кәсіпкерге “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ компаниясы …

ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ОЙДАҒЫДАЙ Read More »

ЕЛБАСЫ ШЫРШАСЫ

Алдыңгүні Петропавлдағы Спорт сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан өңіріміздегі Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, оқу озаттарына және әртүрлі бай­қаулардың жеңімпаздарына арналған жаңажыл­дық шырша өтті.

ӨҢДЕУ САЛАСЫНА – ӨЗГЕШЕ СЕРПІН

Облысымыздың ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу картасы бекітілді. Себебі, өзімізде шығарылатын азық-түлік тауарларын бәсекеге қабілетті етіп, импорттық өнімдерді алмастыру – күн тәртібінде тұрған мәселе. Бұл бұрнағы күні облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында белгілі болды.

АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өңір басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен ардагерлермен дәстүрлі кездесуде сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ұйымның атқарған жұмысына жан-жақты тоқталды. Ерік Сұлтанов 2015 жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға, жағымды жаңалықтарға, толағай табыстарға толы болғандығына тоқтала келіп: