«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты 14 аймақтық арнаның атаулары өзгертіліп, эфирге жаңа логотиппен шыға бастады.
Бұл ретте бұрынғы қосарланған «Қазақстан- Қарағанды», «Қазақстан-Қостанай» сияқты атаулардың орнына әр өңірдің өзіне тән ежелден келе жатқан географиялық атаулары қолданылған және осыдан бірер күн бұрын ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген латын графикасындағы қазақ алфавитімен жазылған. Ребрендингке сәйкес солтүстікқазақстандық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы бұдан былай «QYZYLJAR» деп аталатын болды.