«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЛЕГРАМ-БОТҚА ТІРКЕЛУДЕ

Бүгінде әртүрлі мессенджерлердің арқасында көптеген мүмкіндіктер пайда болды. Мәселен, былтыр электрондық үкімет порталы телеграм-боттың алғашқы нұсқасын жасаған. Қазіргі күні ол 30-дан астам мемлекеттік қызмет түрін көрсете алады.

Қазір телеграм-ботқа 7500 адам тіркелген. Оның көмегімен 6 мыңнан астам қызмет көрсетіліпті. 2019 жылдың тамыз айынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен бірқатар басқарушы органдардың өкілдеріне электрондық жүйеде мемлекеттік қызметтерді алу дағдылары үйретілуде. Курс аяқталған соң, олар білген-түйгендерін өз әріптестерімен бөліседі. Бұл адамдардың уақытын әлдеқайда үнемдемек.
– Халыққа электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру үшін біздің департаментте e.gov.kz электрондық порталын пайдаланушылар арасында үздігін анықтау мақсатында байқау өткізілді. Бұл байқауға басқа мемлекеттік органдар да қызығушылық танытты. Бірінші жартыжылдықта осындай байқаулар аудандар мен Петропавл қаласы әкімдігі аппаратында да өтті. Енді біз осы челленджді іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Елена Степаненко.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp