«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Телекөпір арқылы байланыс

Қазақстанда енгізіліп жатқан білім берудің жаңаша мазмұны Ресей, Беларусь және Украинаның педагогтері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Ол туралы өңір педагогтерінің шетелдік жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен телекөпір арқылы болған байланысында айтылды.

Халықаралық телекөпір барысында жергілікті педагогтер шетелдік әріптестерімен “Заманауи білім берудің мақсаттары, құндылықтары және мағыналары: үдерістер мен даму әлеуеті” тақырыбында әңгіме өрбітіп, ортақ мәселелерді талқылады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мамандары шетелдіктерді “Шаңырақ” оқушылар қауымдастығының жұмысымен таныстырды. Ондағы орыс және қазақ тілдерінде білім алатын балалар негізгі сабақтардан тыс “Википедия”, “Тедикс”, “Міндетті түрде оқитын 100 кітап”, “100 қазақ әндері” атты жобаларды іске асырады.

Өңірдің орта және жоғары білім ордаларының өкілдерімен байланысқа Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Минск қаласындағы білім беруді дамыту институты, Запорожье облыстық дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институты және Қорған қаласының әлеуметтік технологиялар және білім беруді дамыту институттарының мамандары шықты.

Телекөпір қатысушыларының барлығы жұмысқа қажетті ғылыми-әдістемелік ақпарат алып, ойларымен бөлісті.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp